Құпиялық саясаты

Осы Сайтта оның Пайдаланушыларының жеке деректері болуы мүмкін.

Жиналатын деректер түрлері

Кері байланысқа арналған нысан (осы Веб-сайт) және хат-хабарларға арналған деректер

Кері байланысқа арналған нысанда жеке деректерді ұсына отырып, Пайдаланушы осы Веб-сайтқа нысан тақырыбында көрсетілгендей ақпарат, баға белгілеу немесе басқа да сұратуларды ұсыну туралы сұратуларға жауаптар жіберу үшін осындай деректерді пайдалануға рұқсат береді. Хат-хабар жөнелтуге арналған деректер Пайдаланушымен қатынас жасау мақсатында және есеп жүргізу үшін өңделуі мүмкін. Алынатын дербес деректер: электрондық пошта мекенжайы, аты-жөні мен тегі, компания туралы мәліметтер, коммуникациялық материалдар және коммуникация бөлігіндегі метамәліметтер.

Адресаттар тізімі – жіберілімдерді жөнелту (осы Сайтта)

Адресаттар тізімінде немесе жаңалықтар жіберілімі тізімінде тіркелу барысында, Пайдаланушының электрондық пошта мекенжайы электрондық пошта бойынша Веб-сайтқа қатысты коммерциялық немесе жарнама сипатындағы ақпаратты қамтитын хабарламалар ала алатын қатысушылар байланыстар тізіміне енгізілетін болады. Сондай-ақ электрондық поштаңыздың мекенжайы, егер осы Сайтқа тіркелген болсаңыз немесе сатып алу мен айналыссаңыз, осы тізімге енгізілетін болады. Алынатын дербес деректер: электрондық пошта.

Пайдалану туралы мәліметтер

Осы Сайтта мынадай мәліметтер (немесе осы Сайтта пайдаланылатын тыс сервистер), атап айтқанда: IP-мекенжайлар немесе осы Сайтты пайдаланатын Пайдаланушылар компьютерлерінің домендік аттар, URI мекенжайлар (ресурстардың әмбебап кодтары), сұрау жіберген уақыт, серверге сұрау жіберген тәсіл, жауап ретінде алынған файл өлшемі, сервер жауабының жай-күйін көрсететін сандық код (сәтті қорытынды, қателік және т.б.), орналасқан елі, Пайдаланушы пайдаланатын веб-шолушының (браузердің) және операциялық жүйенің сипаттамасы, әр кіру уақыты туралы түрлі мәліметтер (мысалы, Қосымшаның әр парағында өткізген уақыты) және парақтарға кіру кезектілігін жеке көрсету арқылы Қосымша ішіндегі ауысулар туралы мәліметтер, сондай-ақ Пайдаланушының есептеу және ақпараттық ортасындағы құрылғының операциялық жүйесінің басқа да өлшемдер автоматты түрде жиналады.

Жүйелік журналдар және қызмет көрсету

Пайдалану және техникалық қызмет көрсету мақсатында осы Веб-сайт және кез келген бөгде сервистер Веб-сайтпен (жүйелік журналмен) өзара әрекеттесуді белгілейтін файлдарды жинауы мүмкін немесе осы мақсатта басқа да жеке мәліметтерді (мысалы, IP-мекенжайы) пайдаланады.

Есептік жазба мен профиль мәліметтері

Веб-сайтта есептік жазба және/немесе профиль жасай отырып, Пайдаланушы Сайтты басқару мақсатында Веб-сайтқа осы мәліметтерді пайдалануға рұқсат береді. Бұл ретте сізге біздің қызметтеріміз ұсынылады, Сіздің Сайтты және Сайт пен мәліметтер базасының және пайдаланушымен коммуникацияларды іске асырудың резервтік көшірмелерін жасау бойынша сервистің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтерді пайдалануыңызға мониторинг жүргізілетін болады. Алынатын дербес деректер: электрондық пошта мекенжайы, аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі, профиль суреті, жынысы, туған күні, қызығушылықтары, білімі мен жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер, компания туралы деректер.

Жарияланымға арналған деректер

Сайт Пайдаланушы Сайтта немесе біздің сервистер арқылы жариялау үшін орналастыратын ақпаратты өңдеуге құқылы. Жарияланымға арналған деректер жариялау және Веб-сайт пен сервистерді әкімшілендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өңделуі мүмкін. Алынатын дербес мәліметтер: электрондық пошта мекенжайы, аты және тегі, мекенжайы, телефон нөмірі, жарияланым суреттері, жынысы, туған күні, қызығушылықтар, білімі мен жұмыспен қамту туралы мәліметтер, компания туралы мәліметтер.

Дербес мәліметтер ұсыну

Дербес мәліметтерді Пайдаланушының өзі немесе деректерді пайдаланған жағдайда, осы Веб-сайтты пайдаланған кезде олар автоматты түрде алынуы мүмкін.

Сайтта сұратылатын барлық деректер міндетті болып табылады және осындай деректерді ұсынбаған жағдайда, бұл Веб-сайттың сервистері қолжетімсіз болуы мүмкін. Веб-сайтта деректердің қандай да бірі міндетті сипатта еместігі нақты көрсетілген жағдайларда, Пайдаланушылар осындай ақпаратты хабарламауға құқылы. Өз кезегінде, бұл сервистердің қолжетімділігі мен жұмыс істеуіне ықпал етпейді.

Егер Пайдаланушыларға қандай дербес деректер міндетті екендігі түсініксіз болса, олар Сайт иесімен байланыса алады.

Осы Веб-сайтта немесе үшінші тараптардың сервистерінде «cookie» немесе басқа да қадағалау құралдары пайдаланылады. Олар осы құжатта және егер бар болса, сookie файлдарын пайдалану саясатында сипатталған басқа да мақсаттарға қосымша Пайдаланушы үшін қажет қызметтерді ұсыну мақсатында қолданылады.

Пайдаланушылар осы Веб-сайт арқылы алынған, жарияланған немесе жіберілген үшінші тұлғалардың дербес деректері үшін жауапты болады. Олар деректерді Веб-сайт иесіне ұсыну үшін үшінші тұлғалардың келісімін алғанын растайды.

Режім және деректерді өңдеу орны

Өңдеу әдістері

Дербес деректер операторы Пайдаланушылардың деректерін тиісті түрде өңдеуге және санкцияланбаған қолжетімділіктің, ашу, өзгерту немесе санкцияланбаған мәліметтерді жоюды болдырмау үшін тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға міндеттенеді.

Деректерді өңдеу көрсетілген мақсаттарға қатаң сәйкестікте ұйымдастыру рәсімдері мен режімдерге сәйкес компьютерлер және/немесе ИТ-құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Кей жағдайларда, дербес деректер Операторларынан бөлек, ақпарат сайттың жұмыс істеуімен (әкімшілендіру, сатулар, маркетинг, заң қызметтері, жүйелік әкімшілеу) шұғылданатын белгілі бір қызметкерлерге немесе сайт Инесінің тапсырмасы бойынша қажет болған жағдайда дербес деректерді өңдеуді жүзеге асырушы тұлғалар ретінде тағайындалған сыртқы тараптарға (мысалы, техникалық қызметтердің сыртқы ұсынушылары, пошта операторлары, хостинг-провайдерлер, АТ-компаниялар, коммуникациялық агенттіктер) қолжетімді бола алады. Осындай тараптар қамтылған тізбенің жаңартылған нұсқасын дербес деректерді өңдеуді жүзеге асырушы тұлғадан сұратуға болады.

Орын

Деректер мына мекенжай бойынша өңделеді: Астана қаласы, Қазақстан.

Деректерді сақтау уақыты

Барлық деректер Пайдаланушы сұратқан қызметтер ұсыну үшін қажетті уақыт ішінде немесе осы құжатта баяндалған мақсаттар үшін қажетті мерзім ішінде сақталады. Пайдаланушы қашанда дербес деректерді өңдеуді жүзеге асырушы тұлғадан осы деректерді уақытша немесе біржола жоюды сұрай алады.

Алынған деректерді пайдалану

Пайдаланушы туралы деректер Иесі өз қызметтерін ұсыну мақсатында жинақталады.

Мәліметтерді өңдеу жөніндегі оператор Пайдаланушының дербес мәліметтерін орынды қажеттілік шегінде біздің компаниялар тобының (бұл біздің еншілес компанияларымызды, холдинг және оның барлық еншілес компанияларын білдіреді) кез келген мүшесіне ашып бере алады.

Мәліметтерді өңдеу жөніндегі оператор Пайдаланушының дербес деректерін біздің сақтандыру компанияларына және/кәсіби консультанттарына сақтандыруды алу және қолдау, тәуекелдерді басқару, кәсіби нұсқаулар алу және заңды дауларды шешу мақсатында орынды қажеттілік шегінде ашуға құқылы. Деректерді өңдеу жөніндегі оператор Пайдаланушының дербес деректерін осы Сайтты және тиісті қызметтерді пайдаланумен байланысты, заңды мақсаттарға, сотта немесе ықтимал сот талқылаулары үшін пайдалануға құқылы.

Пайдаланушы Сайт немесе сервистер арқылы жариялау үшін ұсынатын дербес деректер интернет бойынша барлығына қолжетімді болуы мүмкін. Деректерді өңдеу жөніндегі оператор басқа тұлғалардың осындай дербес деректерді пайдалануына (немесе заңсыз пайдалануына) тосқауыл бола алмайды.

Құқықтық шаралар

Осы құпиялық саясатында баяндалған өте арнайы дербес ақпаратты ашумен бірге деректерді өңдеу жөніндегі оператор, егер біз орындауға міндетті құқықтық міндеттемелердің сақталуы үшін қажет немесе сіздің өмірлік маңызды мүдделеріңіздің немесе басқа тұлғаның маңызды мүдделерінің қорғалуы үшін қажет болғанда сіздің дербес деректеріңізді аша алады.

Пайдаланушы мемлекеттік орган өкілдері өңдеу жөніндегі оператордан дербес деректерді ашуды сұрай алатынынан хабардар екенін мәлімдейді.

Пайдаланушылар құқығы

Пайдаланушылар кез келген уақытта олардың дербес деректері қайда сақталатыны туралы ақпаратты сұрата алады, сондай-ақ мәліметтердің мазмұны мен шығуы, олардың дәлдігін тексеруді немесе толықтыруды, жоюды, жаңартуды немесе мәліметтерді түзетуді, оларды аноним форматта түрлендіруді сұрау үшін немесе заңды бұзатын мәліметтерді бұғаттау, сондай-ақ заңды негіздерде оларды өзгертуді болдырмау үшін деректерді өңдеу жөніндегі операторға жүгіне алады. Сұратуларды жоғарыда көрсетілген байланыс мәліметтері бойынша деректерді өңдеу жөніндегі операторға жолдау керек.

Осы Веб-сайт «қадағаламау» опциясын қолдамайды. Қандай да бір бөтен сервистер «Қадағаламау» талаптарына сәйкес келуін анықтау үшін олардың құпиялылық саясатымен танысыңыз.

Құпиялылықты сақтау саясатындағы өзгерістер

Деректерді өңдеу жөніндегі оператор осы парақща пайдаланушыларына хабарлама жолдау арқылы осы құпиялылықты сақтау саясатына кез келген уақытта өзгертулер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Сізге төменгі жақта көрсетілген соңғы өзгерту күніне сүйене отырып, осы парақшаны ұдайы тексеріп отыру қажет. Егер Пайдаланушы Саясаттағы қандай да бір өзгерістермен келіспесе, ол Веб-сайтты пайдалануды тоқтатуға тиіс және деректерді өңдеу жөніндегі оператордан оның дербес деректерін жоюды сұрай алады. Сол сәтте қолданыстағы құпиялылықты сақтау саясаты егер өзгесі көрсетілмесе деректерді өңдеу жөніндегі операторда бар Пайдаланушылардың дербес деректерге қатысты қолданылады.

Дербес деректер (немесе деректер)

Жеке тұлғаға, заңды тұлғаға, мекемеге немесе қауымдастыққа қатысты жанама болса да, жеке сәйкестендіру нөмірін қоса алғанда кез келген басқа ақпаратқа сілтеме жасау арқылы сәйкестендіруге болатын ақпарат.

Пайдаланушы

Деректер Субъектісі болуы тиіс немесе дербес деректер тиесілі деректер Субъектісінен рұқсаты болатын осы веб-сайтты пайдаланатын тұлға.

Деректер субъектісі

Дербес деректер тиесілі болатын заңды немесе жеке тұлға

Деректерді өңдеу жөніндегі оператор (немесе деректер өңдеу бақылаушысы)

Осы құпиялылықты сақтау саясатына сәйкес дербес оператор деректерді өңдеуге уәкілеттік берген жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекеттік немесе кез келген басқа орган, қауымдастық немесе ұйым.

Деректерді өңдеу жөніндегі оператор және Иесі

Иесінің электрондық поштасының мекенжайы: e@lin.kz

Осы Веб-сайт

Пайдаланушының дербес деректерін жинауды іске асырушы аппараттық және бағдарламалық құралдар

Құқықтық ақпарат

Осы құпиялылық саясаты тек қана осы Веб-сайтқа қатысты. Осы құпиялылық саясаты басқа өнім жеткізушілердің веб-сайтындағы сілтемелерге қолданылмайды.

COOKIE ФАЙЛДАРЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСАТ

Cookie файлдарын пайдалану туралы ақпарат

Біздің сайт сізді басқа пайдаланушыларынан ажырату және сізге контентке қол жеткізу үшін cookie файлдарын пайдаланады. Бұл біздің сайтты қолдану кезінде оң тәжірибе беруге көмектеседі, сондай-ақ біздің сайтымызды жақсартуға мүмкіндік береді.

Сookie файлдарына қатысты осы саясат сізге біз пайдаланатын cookie файлдары және оларды пайдалану мақсаттары туралы нақты әрі толық ақпарат береді. Lin.kz пайдаланушыларына қатысты қолданылатын құпиялылық саясатымен танысу үшін біздің Құпиялылық саясатымен танысыңыз.

Cookie файлдары дегеніміз не?

Cookie файлдары – бұл браузерде веб-сайттарды жүктеу кезінде компьютеріңізде немесе басқа құрылғыда жазылатын мәтіндік файлдарда сақталған деректердің шағын фрагменттері. Олар сізді және сіздің қалауыңызды «есте сақтау» үшін бір рет кіру үшін («cookie сеанс файлы» арқылы) немесе бірнеше рет қайта кіру үшін («тұрақты cookie файлын» пайдалана отырып) кеңінен қолданылады. Олар сайтқа кіретіндер үшін дәйекті әрі тиімді тәжірибені қамтамасыз етеді және пайдаланушыларға тіркелуге және жүйеде қалуға мүмкіндік беру сияқты маңызды функцияларды орындайды. Cookie файлдары сіз кірген сайтпен («first party cookies» ретінде белгілі) немесе үшінші тұлғалармен орнатылуы мүмкін, мысалы, контентті ұсынатын немесе сайтта жарнамалық немесе талдамалық қызметтерді ұсынатын («third party cookies») үшінші тұлғалар тарапынан орнатылуы мүмкін.

Біз cookie файлдарын қалай пайдаланамыз

Біз cookie файлдарын түрлі мақсаттарда пайдаланамыз. Кейбір cookie файлдары техникалық мақсаттарда қажет; кейбіреуі сайтқа кірушілерге, сондай-ақ тіркелген пайдаланушыларға дербестендірілген тәжірибе беруге; ал кейбіреулері таңдалған сырт желілерден жарнаманы көрсетуге мүмкіндік береді. Осы cookie файлдарының кейбірі парақшаны жүктеу кезінде немесе сайтқа кіруші белгілі бір әрекетті орындау кезінде (мысалы, «ұнайды» немесе «жазылу» батырмасын басқанда) орнатылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Tabys cookie файлдарын тек талдау мақсатында біздің веб-сайтты жақсарту, трафикті және веб-сайттың пайдаланылуынқадағалау мақсатында ғана жинайды.

Сіздің келісіміңіз

Tabys сайты cookie файлдарын пайдаланушы «келісім» батырмасын басқаны-баспағанына қарамастан жинайды.

Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз біздің веб-сайтты қалай қолданғаныңызды талдау үшін сіздің компьютеріңізге cookie файлдарын орналастыратындығымызға келісесіз.

Cookie файлдарының түрлері

Cookie файлдары «тұрақты» немесе «сессиялық» болуы мүмкін. Веб-сайт тұрақты cookie файлдарын пайдаланады.

Мәтіндік файлдың тұрақты cookie-файлдарын алуға келісім веб-сервермен веб-браузерге жіберіледі, бұл бізге трафикті жинауға және талдауға (жасырын негізде) және веб-сайтты пайдалануға, жүйені бақылауға және операциялық өнімділікті жақсартуға, мысалға, сайтқа келесі кіруіңізді жақсарту үшін сіздің қалауыңызды сақтауға мүмкіндік береді. Ол браузер жабылған кезде автоматты түрде жойылмайды, бірақ браузерде сақталады және қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін жарамды болады (егер пайдаланушы қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жоймаса).

Біз пайдаланатын cookie файлдарының толық тізімі төмендегі кестеде келтірілген. Бұл тізім (осы Саясаттың қалған бөлігімен бірге) уақыт өте келе өзгеруі мүмкін.


Cookie файлдарының «Функционалдығы» қызметтерді ұсыну немесе пайдаланушының сайтқа кіруін жақсарту мақсатында баптауларды есте сақтау үшін пайдаланылады. Кейбір cookie Функционалдық файлдары пайдаланушыға веб-сайт ішінде шарлауға мүмкіндік беру, қауіпсіз аймақтар сияқты негізгі мүмкіндіктерді пайдалану, сондай-ақ мобильді қосымшаларды пайдалану және оларға қол жеткізу үшін қажет.

Біз сіздің есептік жазбаңызды тіркеуді басқару және жалпы әкімшілік мақсатта cookie Функционалдық файлдарын пайдаланамыз. Бұл cookie файлдары әдетте жүйеден шыққан кезде жойылады, бірақ жүйеден шыққан кезде қалауыңыз бен баптауларыңызды есте сақтау үшін қала беруі мүмкін.


Сookie «Өнімділік» файлдары біздің сайтты қалай пайдаланатындығыңыз туралы ақпаратты жинайды (мысалға, сіз қандай парақшаларға кіретіндігіңіз және сізде қандай да бір қателердің пайда болуы). Бұл cookie файлдары сізді анықтауға болатын ақпаратты жинамайды және біздің сайтымыздың жұмысын жақсартуға көмектесу үшін ғана пайдаланылады, біздің пайдаланушыларымыздың не қызықтыратындығын түсіну және біздің контенттің қаншалықты тиімді екенін өлшеу үшін қолданылады. Біз келесі мақсаттарда «Өнімділік» cookie файлдарын қолданамыз: Біздің сайттың қалай пайдаланылатындығы туралы жасырын статистика ұсыну үшін веб-аналитика мақсатында. Орын алатын кез келген қателерді өлшеу арқылы веб-сайтты жақсартуға көмектесу үшін қателерді басқару үшін пайдаланамыз. Біздің сайтты пайдалана отырып, сіз «Өнімділік» cookie файлдарын пайдалануды қабылдайсыз. Бұл cookie файлдарын қабылдау веб-сайтты пайдаланудың талапшарты болып табылады, сондықтан, егер сіз оларды қабылдамасаңыз, бізсіздің сайтта жұмыс істей алатындығыңызға кепілдік бере алмаймыз.


Жарияланды: 30 Қаңтар, 2023