Пайдаланушы келісімі
Бұл пайдаланушы келісімі Lin.kz веб-сайтты пайдалану барысында туындайтын «Мукушев Д.Ж.» ЖК («Linkz») мен Веб-сайт пайдаланушы («Пайдаланушы») арасындағы қатынастарды Пайдаланушы келісімінде көрсетілген шарттар арқылы реттейді.
Келісім жасау туралы аталған Linkz ұсынысын Пайдаланушы тарапынан толық және сөзсіз қабылдау ретінде, Пайдаланушының Lin.kz сайтын қолдануға бағытталған әрекеті, оның ішінде, іздеу, хабарландыруды қарау немесе беру, сайтта тіркелу, комментарий қалдыру, байланыс үлгісі арқылы хабарлама жіберу және Lin.kz-тің функциялық қызметтерін қолдануға бағытталған тағы басқа әрекеттері танылады.
Пайдаланушы келісімі Пайдаланушыға арнайы қандай да бір ақпарат берілмей-ақ, кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін. Егер Linkz өзге уақытты нақты көрсетпесе, Пайдаланушы келісімінің жаңа редакциясы Lin.kz-те жарияланған сәтінен күшіне енеді. Пайдаланушы келісімінің қолданыстағы редакциясымен үнемі танысып отыру Пайдаланушының міндеті болып табылады.
Lin.kz сайтын жаңа редакция күшіне енгеннен кейін қолдану Пайдаланушының онымен келісетіндігін және оған жаңа редакцияның ережелерін толық көлемде қолдануға болатындығын білдіреді.
Осы Пайдаланушы келісімінің қолданыстағы редакциясы Lin.kz/page/kelisim/ мекенжайы бойынша қолжетімді.
- Жалпы ережелер
- Сайттағы материалдар мен сервистерді қолдану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларымен реттеледі.
- Бұл келісім көпшілікке арналған оферта. Сайт материалдарына рұқсат алған пайдаланушы аталған келісімді мақұлдайтын тұлға ретінде танылады.
- Сайт әкімшілігі кез келген уақытта біржақты тәртіппен келісімнің шарттарын өзгертуге құқылы. Мұндай өзгертулер жаңа нұсқаны сайтқа орналастырғаннан кейін 3 күннен соң күшіне енеді. Пайдаланушы келісім шарттарымен келіспеген жағдайда ол Сайтқа кіру мүмкіндіктерінен бас тарту керек және сайт материалдары мен сервисін пайдалануды тоқтату керек
- Пайдаланушы міндеттемелері
- Пайдаланушы сайт қызметіне және оның сервистеріне нұқсан келтіретін, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сол сияқты халықаралық заңнамалық актілерге, интеллектуалдық меншік саласы,авторлық және қосалқы құқықтар және т.б. қиғаш келетін әрекеттерге бармайтынына келісім береді.
- Сайт материалдарын құқық иелерінің рұқсатынсыз қолдануға болмайды. (Сайт материалдарын құқықтық негізде қолдану үшін Құқық иелерінен алынған лицензиялық келісім шарттар болуы керек).
- Сайт материалдарынан үзінді алған жағдайда авторлық шығарманың құқығын сақтай отырып Сайтқа сілтеме жасау міндетті.
- Пайдаланушының комментарийлері мен басқа да жазбалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің баптарына және де жалпыға бірдей қабылданған ар-намыс, адамгершілік нормаларына қарама-қарсы келмеуі керек.
- Сайт әкімшілігі сайтта сақталған сілтемелер негізінде пайдаланушыға сайтқа кіру жауапкершілігі мен сыртқы ресурстарды қолданғаны үшін жауап бермейтіндігі ескертілген.
- Пайдаланушы Сайт әкімшілігінің Сайтта жарық көрген кез келген материалүшін жауап бермейтіндігін сол сияқты сайт мазмұнына байланысты сайттағы сілтемелер негізінде туындаған кейбір шығындар, авторлық құқықтарды тіркеу, авторлық құқықтарды тіркеу бойынша мәліметтерде, тауарлар мен қызмет көрсету барысында сыртқы сілтемелер немесе байланыс ресурстарын пайдаланғаны үшін жауапты емес екендігімен келіседі.
- Пайдаланушы Сайттағы кез келген материал және сервис немесе оның жекеленген бөліктерінде жарнама болатындығын қабылдайды. Пайдаланушы Сайт әкімшілігінің жарнама үшін жауапты емес екендігін және де жарнамаға байланысты міндеттемелер алмағандығымен келіседі.
- Пайдаланушы Lin.kz сервисін қолдану арқылы бұқаралық сипаттағы жаппай хабарламаларды жөнелтпеуге кепілдік береді. Егер олай болған жағдайда автоматты түрде пайдаланушыға ескертілместен оның есептік жазбалары, логин мен паролі блокталады.
- Дербес мәліметтерді қорғау
- Сайт әкімшілігі Сіздің дербес мәліметтеріңізді қауіпсіздікте және құпияда ұстауды қамтамасыз етеді. Дербес мәліметтеріңізді өңдеу Қазақстан Республикасының 2013 жылы 21 мамырда қабылданған «Дербес мәліметтер және оларды қорғау» Заңына сай қатаң түрде жүргізіледі.
- Сіздің дербес мәліметтеріңізді өңдеудің мақсаты- Пайдаланушы келісімі шарттарын орындау. Өңдеуге келесі дербес мәліметтер алынады:
-тегі және аты;
-электронды почтасының атауы;
-мобильді телефон номері.
- Біздің сайтта тіркелу арқылы Сіз өзіңіздің дербес мәліметтеріңіздің заңды түрде жиналатынына, өңделетініне келісім бересіз. Сол сияқты Сіз өзіңіздің дербес мәліметтеріңізді өзіңіз қалауыңызбен немесе талап етуіңізбен тоқтатқанға дейін қолдануға, жойып жіберуге немесе оферта талаптары бойынша үшінші бір адамға тапсыруға келісім бересіз.
- Біздің сайтқа тіркелу арқылы Сіз өзіңіздің дербес мәліметтеріңізді көпшілікке қолжетімді мәліметтер базасына (яғни Сіздің дербес мәліметтеріңіз көпшілікке қолжетімді) енгізуге және Сіз туралы ақпаратты (Сіздің дербес мәліметтеріңіз, сайтты пайдалану туралы хабарламаларды) серіктестерімізге беруге келісесіз.
- Дербес мәліметтерді өңдеуге келісім беру хабарлама негізінде e@lin.kz электронды почтасына жөнелтіледі.Бұл жағдайда біздегі қызмет түрлеріне (логин мен пароль) блок қойылады.
- Басқа да ережелер
- Осынау келісім негізінде туындаған барлық дау-дамайлар Қазақстан Республикасы Заңдарына сай шешіледі.
- Келісімде көрсетілген шарттар Пайдаланушы мен Әкімшіліктің ортасындағы агенттік, жолдастық,бірлескен,жалға бару сияқты қарым-қатынастарды көздемейтіні айдан анық.
Сайт әкімшілігі тарапынан әрекетсіздікке жол берілген жағдайда бұл әкімшілікті кеш болса да авторлық құқықты қорғау мәселелері тұрғысында әрекет ету құқығынан айырмайды. Пайдаланушы бұл келісімнің барлық пункттерін оқып танысқандығын және сөзсіз қабылдайтынын мақұлдайды.